Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Суицид жасаған әйел бірінші 11 жасар ұлын өлтіріп, күйеуіне мұны неге жасағанын смс-пен айтқан

Суицид жасаған әйел бірінші 11 жасар ұлын өлтіріп, күйеуіне мұны неге жасағанын смс-пен айтқан
ашық дереккөз
Әйел өз баласын бірнеше жерден пышақтаған. Бұрыңғы күйеуі үйге келгенде екі мәйітті көрген
Алматы полиция департаментінің қызметкерлері 11 жастағы ұлын өлтіріп, өз-өзіне қол салған әйелдің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға әйелдің психикалық ауытқуынан болған. Күйеуі үйге келгенде 11 жастағы баласы мен бұрынғы әйелінің мәйітін көріп, дереу полицияға хабарлаған.
"1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтірген. Сосын өз-өзіне қол жұмсаған", - деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Әйел бұрынғы күйеуіне аудиохабарлама жазған. Ол аудиохабарламада ішіне жын кіріп, баланы өлтірткенін айтқан.
Ер адамның айтуынша, соңғы кездері бұрынғы жұбайында психикалық ауытқу пайда болған.
Трагедияның мән-жайы тергеу процесінде анықталады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар