Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында анасы 3 күндік шақалақты не себепті пешке салып өртегенін түсіндірді

Ақмола облысында  анасы 3 күндік шақалақты  не себепті  пешке салып өртегенін түсіндірді
ашық дереккөз
Әйел баланы өздігінен босанған, дәрігерге жағдайдың қалай болғанын баяндап берген
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында әйел жаңа туған баласын өртеп жіберді, деп хабарлайды  KYN.KZ  сайты Sputnik Қазақстан  порталына сілтеме жасай отырып.
Ол өзінің бұл әрекетін "нәресте тірі емес деп ойлағандықтан, солай істедім" деп түсіндірген. Болған оқиғаны полиция бөліміне аудандық аурухананың акушер-гинекологы хабарлаған.
Дәрігер 26 қаңтарда 1990 жылы туған науқасты тексергенде, ол үш күн бұрын – 23 қаңтарда босанғанын айтқан.
"Ол өздігінен босанған. Өмірге келген сәбиді пешке тастап, өртеп жіберген", - деді құқық қорғау органдары.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады. Кейінірек егжей-тегжейлі түсініктеме болатынын айтты.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар