Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Апамның киімі үйлеспейді, төсін ашып ұят": Трендке түскен әнші Шахизада елдің сынына қалды

"Апамның киімі үйлеспейді, төсін ашып ұят": Трендке түскен әнші Шахизада елдің сынына қалды
ашық дереккөз
Әнші өзіне қылығың жасыңа сай емес дегендерге: Өзім білем, сендер көре алмайсыңдар мені
Әнші Шахизада трендтегі биге видео түсіріп жұрттың сынына қалды.  Ол өзін актерлік қырынан байқап көруге тырысқанын жасырмайды. Көпшіліктен өзі түсірген видеоның қалай шыққанына баға беруді де сұраған өзі. "Мен - Шахизада қазақтың қызымын! Бойымда талантым, әншілік өнерім бар, құдайдан берілген талант иесімін. Әнші болған соң жан - жақты  болуың керек! Актерлік шеберлігімді байқап көрейін деп, осы бір дүниені жасадық. Жануардың өзіне тін мінезі болады. Қарап отырсам пантераның мінезіне менің мінезім келетін сияқты. Патерамен үйлесімділік бізден көре алдыңыздар ма?", - деп сұрайды әнші. Желі қолданушылар әдеттегідей екіге жарылды. Тіпті кей оқырмандар әншінің қатаң сынады. Ал, Шахизада кей оқырмандарына жауап беріп, ұрысқандай болған. "Етік пен  киіміңіз жарасып тұрған жоқ. Қатты жақын түсірген. Пантера жылдам әрі нық. Оны ұқсату үшін киім мен қимыл үйлесуі керек. Шықпай қалған сияқты", "Апа болғанда не көрінді? Ақырзаман деген осы ма?". "Ұялмайсыз ба әжесіз. Жасыңызға түк жарасып тұрған жоқ. Кеудеңізді көрсетіп, сізге не болды? Мұндайыңыз жоқ еді" деген сынды көптеген жағымсыз пікірлер жазылған. Біраз халық әншіге жағымды пікірлерін де білдірген. "Өте дұрыс. Жас көрінесіз жарасып тұр". "Шахизада алға". "Осындай ерекше дүниелерді көптеп түсіріңізші" деген сынды ұсыныстар көп түскен әншіге
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ⚜️ ᔕᕼᗩᕼIZᗩᗪᗩ ⚜️ (@shahizada.art)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар