Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың киносы жайлы: Соңына дейін ұялғаннан шыдап отырдым

Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімованың  киносы жайлы: Соңына дейін ұялғаннан шыдап отырдым
ашық дереккөз
Жаманқұлов Қайрат Нұртастың әйелі түсірген фильмнің ұнамағанын, қателіктерін айтты
Танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов Жұлдыз Әбдікәрімова түсірген "Ажырасамын" деген фильмнің алғашқы көрсетіліміне шақырту алып, ел қатарлы барғанын айтты. Бірақ, актер киноның ортасында шығып кетуге ұялғаннан соңына дейін шыдапты, деп хабарлайды KYN.KZ . Актер бұл туралы Нартай Аралбайға берген сұхбатында айтқан. "Мен нашар шығатын фильмдерді мен "нашар" деп айтамын. Көңіліне келмесін, Қайрат Нұртастың келіншегі "Ажырасам" деген фильм түсірді. Мені шақырды, "Ақшаларын өнерге жұмсап жатыр" деп қуанып бардым. Жұлдыз - жақсы актриса. Фильмді жартысына дейін ғана көре алдым. Жартысынан кейін быт-шыт болып кетті. Сюжеттің линиясы үзіліп, жанр адасып кетті. Шым-шытырық болып, екінші бөлімін көре алмадым. Мәдениеттіліктен шыдап отырдым. Соңында бәрі құттықтайды ғой. Мен құттықтамай кетіп қалдым. Менің сондай мінезім бар. Ұнамаса, туған шәкіртімнен де үндемей кетіп қаламын. Режиссер - жас, кеудесі аяққаптай. "Кино түсірдік" деп, ортада қоқиланып тұр. Өнер қайда? Ол өнер емес, кино емес, бір бәле. Мен қарсы шығамын, "Құрт, жой" демеймін. "Бұларың не, қарақтарым-ау" деген өкпемді айтамын", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов. Жаманқұлов кино әлеміне аяқ басқан кездегі талаптарды еске алды. "Біздің кезімізде киноға түсу үшін үлкен талап қойылатын. Өйткені режиссер ол фильмді түсіруді емес, шығаруды ойлады. Оның үлкен шығарма болуын ойлады. Ал қазір ақша болса, түсіреді. Қалай болса, солай болсын, ақша алса болды. Жақсы болып шықса, ақша таба береді. Болмаса, соған да қанағат. Мен олардың мықты суреткер болғанын, керемет кино түсіргенін қалаймын. Бірақ әлгіндей шала болған кезде мұңаямын", - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар