Айнұр Тұрсынбаева өзінен жасы кіші күйеуінің ақылы 60- тағы азаматпен тең деп мақтады
Көпшілік Айтыстың аққуы атанған Айнұр Тұрсынбаева мен жас күйеуінің отбасылық өміріне әлі күнге қызыға қарап, қоятын сұрақтары көп
Тұрсынбаева күйеуінің жасы мен ақылының жас айырмашылығы 20 жас екенін айтты, деп жазды paryz.kz. Ол инстаграмдағы сториз бөлімінде оқырмандарының сауалына жауап берді. "Нұржан аға сізден неше жас кіші? МаШаАллах керемет жарасымды жұпсыздар", деген сұраққа, "Жасы 40-та, ақылы 60-та. Жасы кіші болғанмен ақылы асса аға де", деп әдемі жауап қатты. Қазақстандық танымал адамдар арасында жас жігітке тұрмысқа шығып, отбасылық өмірі бақытты болып жатқан келіншектер өте көп.