Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сенатор Гүлмира Кәрімованың қазасына ненің себеп болғаны айтылды

Сенатор Гүлмира Кәрімованың қазасына  ненің себеп болғаны айтылды
ашық дереккөз
Жаңадан сайланған сенат депутаты Гүлмира Кәрімованың өліміне анафилаксиялық шок емес, миокард инфарктісі себеп болған, деп хабарлады KYN.KZ  Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
"Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша науқастың өліміне жедел миокард инфарктісі тікелей себеп болғанок. Анафилаксиялық шок алуы мүмкін екендігі туралы ақпарат расталмады", - делінген хабарламада.
Ведомство жедел жәрдемнің дер кезінде, 5 минутта жеткенін атап өтті.
"Бригада келген кезде, өкінішке қарай, науқас қимыл-қозғалыссыз жатқан. Есін білмеген, тамыры соқпаған және тыныс алмаған. Осыған қарамастан, реанимациялық шаралар жүргізілді, нәтиже болмады", - деді басқарма мамандары.
Еске салсақ, Гүлмира Кәрімова биыл 14 қаңтарда өткен сайлауда Солтүстік Қазақстан облысынан сенатқа депутат болып сайланған еді.
Бұған дейін ол оқу-ағарту министрлігінде мектепке дейінгі және орта білім комитетін басқарды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар