Басты жаңалықтар

Дауылдан қайтыс болды делінген 19 жастағы сарбаздың денесінен бірнеше пышақ жарақаты табылды

Әскерге барғанына көп болмаған марқұм сарбаз өз атына несие алып, оны офицерге аударғаны анықталды

Өткен жылдың тамыз айында   Алматыдағы "Ұлттық ұланның" 5557 әскери бөлімінде   әскери борышын өтеуші 19  жастағы Алмас  Шахимов қайтыс болған еді. Жігітің өліміне әскери дайындық кезінде Жетігендегі  жаттығу алаңында болған қатты дауыл себеп деп айтылған еді. Енді сарбаздың ата- анасы өлімнің себебі басқада деп отыр. Өйткені мәйітке медициналық сараптама жасатқан. Ондағы қорытындыда марқұмның денесінде 3 пышақ жарақаты, 23 денедегі ауыр соққы белгілері бар деген қорытынды жасалған. Бұл туралы KYN.KZ сайты " Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұдан бөлек марқұм әскерге келісімен офицер  Ерболат Шаназарға банк қосымшасы арқылы ақша аударған. Ол ақшаны өз атына несие рәсімдеу арқылы алған. Журналистердің зерттеуі бойынша, әскери мекеменің ресми ақпараты мүлде сәйкес келмей отыр. Себебі, Алмас Шахимов қатты құмды жел кезінде үстіне палатка құлап мерт болды делінген еді. Алайда, Қазгидромет  9- тамыз күні  Жетігенде ауа райы  қатты желд болмағанын көрсеткен. Сол маңда тұратын тұрғындар да дәл сол күні  адам өлетіндей дауыл болмағанын растаған. Сарбаз өліміне қатысты қазір әскери бөлімде қызметтік тексеріс болып жатыр. Марқұмның ата -анасы өздері зерттеп білген себепті құзырлы органға бергенімен іс жылжымаған. Енді қоғамдық талқыға салып, журналистердің арашалауы арқылы өлімнің ақиқатын ақтарып, кінәлілерді жауапқа тартуды көздеп отыр.