Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанның профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

Қазақстанның профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді
ашық дереккөз
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп жазды KYN.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары анықтаған. Сәрсенбек Монтаев кейінгі жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жүр. Қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаға басшылық етеді. Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар