Басты жаңалықтар

Ақтауда мас күйінде Halyk Bank бөлімшесіне суық қарумен шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Ақтауда 31 «А» шағынауданында орналасқан Halyk Bank-ке шабуыл жасап, келушілерді пышақпен қорқытқан 43 жастағы күдікті ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазды KYN.KZ

«Белгісіз біреу мас күйінде 31 «А» шағынауданында орналасқан Halyk Bank бөлімшесіне кіріп келіп, келушілерді пышақпен қорқытқан.  Жедел іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері 43 жастағы күдіктіні ұстады» делінген баспасөз мәліметінде. Аталған дерек Ақтау қаласы полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы бойынша тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.