Ақбота Керімбекова: Арман Дүйсеновты іздедім, қоңырау шалдым алмай қойды
Әнші компазитордың ерекше мінезі барын айтты
"Мен Жұбанов мектебінде 5 сыныпқа дейін оқыдым. Кейін басқа мектепке ауыстым. 2002-2003 жылдары Арман Түркістаннан Алматыға келді. Сол кезде Ұлықпан ағаның студиясында жиналатынбыз. Досымжан, Саят, "Музарт" барлығымыздың енді танылып жатқан кезіміз, барлығымыз күнделікті студияда кездесеміз. Сазгерлер жиналып, ән қараймыз. Сол кезден бастап Арманның әндерін орындап бастадым. Кейін концерт беретін кезде, "Арман ән бар ма? Осындай ән керек еді" деп хабарласамын Желтоқсан айындағы концертімде де іздедім. Телефоны өшірулі болды. Бірақ, жаман нәрсе ойламайсың ғой. Қазақта өлгеннен кейін бағалап жатамыз ғой. Тірі кезінде де Арман бізге арман болды, Алла куә. Өзі адамның сыйы, құрметі білінеді ғой. Аты өшпейді. Ылғи да күлімдеп, бір қабағы түйілгенін көрмегенмін. Жатқан жері жайлы болсын", - деді Ақбота Керімбекова. Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында туған. Ол - композитор, тележүргізуші, продюсер. Музыканттың еңбек жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында жеңіске жеткеннен кейін басталған. Танымал композитор 48 жасында жүрек талмасынан көз жұмды.