Ежелгі русьтар ұлдарын бала күнінде үйлендіріп, қайын атасы келінмен уақытша ерлі-зайыптылық борышты өтеген
Келіні қайын атасын қанағаттандырса бақытты ғұмыр кешкеді деген түсінік болған
Әдетте ежелгі русьтардың салт-дәстүрі бойынша адамдар ерте шаңырақ көтерген. Ал, ер балалар еркек ретінде тек 13-14 жасында жетіле бастаған. Оларда жиі кездесетін жағдайлардың бірі әйелі күйеуінен бірнеше жасқа үлкен болған. Күйеуі толық қанды жетілмегендіктен оған көмекке қайын атасы келген. Ол ұлының орнына ерлі-зайыптылардың арасындағы міндетін атқарған. Бірақ барлық келіндер бірдей, бұндай әрекетке келісе бермеген. Алайда ол күйеуінің әкесі болғандықтан оған бағынуға тура келген. Өйткені айналасы келінге мұның дұрыс екенін, шарт түрінде түсіндіріп отырған.Егер келіні ешқандай қарсылық білдірмей барлығына көнетін болса әйелдің ғұмыры бақытты да баянды болады деген түсінік болған.