"Испан жағасы" туралы не білесіз?
Ұйықтауға мүмкіндік бермейтін азаптау құралы
Испан жағасы. Ұйықтауға мүмкіндік бермейтін азаптау құралы. Оның формасы дөңгелек әрі үшкір, өткір ішке қараған шеңбер. Бұндай жағаны ашып адамның мойнына кигізіп мықтап бекіткен. Ал адамның қолдарын бос болатындай етіп шынжырмен байланған. Үшкір өткір жағамен абақтыда емін еркін жүрсе де, жату, ұйықтау, тамақ ішу мүмкін емес болған. Тіпті жәбірленуші қабырғаға да сүйене алмаған. Осындай азаптау тәсілдерінің арқасында адамды барлық күнәләрін мойындатуға мәжбүрлеген. Бұндай азапқа шыдамағандар өте қатты қиналып көз жұмған.