Басты жаңалықтар

7 рет ажал аузынан қалған адам: Ең жолы болғыштың оқиғасына әлем халқы таң қалды

Ұшақ тұтастай жанып кеткенде де бұл адам 800 метр биіктіктен секіріп аман қалған

Әлемдегі ең жолы болғыш адам бұл хорват Фране Селак. Бұлай деуіміздің бірнеше себебі бар. Қазір барлығын тарқатып жазатын боламыз: KYN.KZ сайты ерекше адамның басынан өткен аса қауіпті жайттарды ұсынады. Фране Селак алғаш рет 28 жасында өліммен бетпе-бет келген. Бұл 1957 жыл мінген автобусы жолдан шығып, өзенге құлаған. Седак пен жүргізуші шығып үлгеріп, жағаға дейін жүзіп барған. Апат 1962 жылы Сараеводан Дубровникке пойызбен сапар шегу кезінде де қайталанды. Тас рельстерге құлап, пойыз рельстен шығып, қатып жатқан Неретва өзеніне құлаған. Селак купенің терезесін сындырып, вагоннан шығып, онымен бірге келе жатқан танысының өмірінде құтқарып қалған. 1963 жылы Селак науқас анасының жағдайын білу үшін ұшаққа Загребтен Риекаға чартерлік рейске отырады. Рейсте орын болмайды, алайда ол өзінің отбасылық жағдайымен кетіп бара жатқандығын түсіндіріп экипажды өзін бірге алып кетуге көндіреді. Ол ұшақтың артқы жағында Розика есімді стюардессаның жанына жайғасады. Әуежайдан алыс емес жерде ұшақ техникалық ақаулығына байланысты, биіктігін жоғалтып тасқа соғылады. Құлағанға дейін ұшақтың есігі ашылып кетіп, Селак пен Розика 800 метр биіктіктен жерге құлап аман қалады. Бірақ қалған экипаж мүшелері қаза болды. 1970 жылы Селак көлігімен келе жатып, көлігі аяқ астынан өртене бастаған. Ол жалын жанармай багына жеткенге дейін бірнеше секунд бұрын көліктен шығып, қауіпсіз қашықтыққа жетіп үлгерген. 1995 жылы  автобус қағып кетіп тек жеңіл жарақатпен құтылған. 1996 жылы  көлігімен жардан құлап, көлігінен секіріп  шығып үлгерген. 2003 жылы Селак лотореялық билеттерді сатып алып, 600 000 фунт ұтып алған.  Бұл қаражатқа үй мен саяжай сатып алып, жақындарына 25 автокөлік сыйлап қаржылай көмектескен. Фране Селак 2016 жылы 86 жасынада өмірден өткен.