Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әлемдегі ең бай бомж бөтелке жинап, қайыр сұрап 1,1 млн долларды қалай жинағанын айтты

Әлемдегі ең бай бомж бөтелке жинап, қайыр сұрап 1,1 млн долларды қалай жинағанын айтты
ашық дереккөз
Бүкіл туысы бас тартқан бомждың бар байлығы өзімен сөйлесіп, халін сұрап тұратын немере інісіне қалды
"Бай үйсіз адам" деген сөздің өзі ақылға қонымсыз естіледі. Адамдардың көпшілігі ақша жұмсайтын бірінші нәрсе - тұрғын үй жағдайларын жақсарту және басқа да стандартты шығындар.  Ал Курт Дегерман  көпшілік сияқты дүниеге құмар болмауымен ерекшеленді. Ол көшедегі өмір салтына өте риза болды, алайда Курт классикалық бомждардай емес тапқан ақшасының көп бөлігін инвестициялаумен айналысты. Курт өте бай отбасында дүниеге келген. Ата-анасы Дегерменге үлкен үміт артқан. Ол бала кезінен құрдастарының жанында зеректігімен көзге түскен. Жасөспірім кезінде өмірінде орын алған келеңсіз жағдайлардың кесірінен, ол өмірге деген құштарлығынан айырылады. Оқуын жалғастырғысы келмей, көше өміріне қызығып  бомжға айналады. Одан барлық туысқандары теріс айналып, тек немере ағасы ғана оған жиі келіп көмектесіп тұрған. Курт есірткі немесе ішімдік сияқты зиянды дүниеден аулақ болған. Оның ешкім білмейтін құмарлығы – биржа. Швед компанияларының қағаздарына басты назар аударып, қорлар мен қымбат металдардың құнын үнемі бақылап отырған. Әлемдегі ең бай бомж Курт Дегерманның  барлық қаражаты 1,1 миллион ақш доллары. Дегерман бұл қаражатын бөтелке сатып, қайыр сұрап, швед компанияларының акцияларына салу арқылы жинаған. Курт 60 жасында қайтыс болған. Артында қалған мұрасын өзіне келіп  көмектесіп тұратын немере  бауырына жазып кеткен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар