Жүкті әйелін досына интимді қызмет көрсетуге мәжбүрлеп, видеоға түсірген адам 1,5 жылға ғана сотталмақ
Қорланған әйелді күдікті күйеуі осыған дейін талай мәрте темірмен ұрып, пышақ жарақатын да салған екен
31 қаңтар күні Қарағандыда жүкті әйелін ұрып, досымен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адамның ісі қаларды. Сотта прокурор сот төрағасынан күдіктіге 1 жыл 6 ай абақтыға жабуды сұраған, деп жазды KYN.KZ сайты. Әбден таяқталған әйелдің туыстары болса бұл жаза өте жеңіл екенін айтып дабыл қағуда. «Сегіз ай бұрын менің жиен сіңілімді азаматтық некедегі күйеуі соққыға жықты. Сот сараптамасы оның денесінен пышақ жарақатын да тапты. Ең сорақысы, ол әйелін досымен жыныстық қатынасқа түсіріп, оны видеоға түсіріп тұрған. Ішінде алты айлық нәресте көтеріп жүрген әйелін осындай қорлыққа итермелеп, досын да ашық видеоға түсірген», - дейді Қорға арыз түсірген әйел. Оның мәліметіне сүйенсек, жәбір көрген келіншек пен оның туысқан әпкесі 2022 жылдың 11 қазанында қоғамдық қорға хабарласқан. «Әйелінің жүктілігіне қарамастан, азаматтық некедегі күйеуі оны темірмен ұрған, тепкен. «Үш ай бойы жыныстық қатынасқа түспедім» деген досына «сыйлық» жасап, әйелімен жыныстық қатынасқа түсірген. Осы іс бойынша әйелдің күйеуіне қатысты ғана іс қозғалып, досы жауапкершіліктен қашып кетті», - дейді қоғам белсендісі. Дина Таңсәрі атап өткендей, сот отырыстарында прокурор ер адамды бір жыл алты айға соттау керек деген жаза сұраған. Бүгін Қарағанды соты шешімін шығарады.