Алматыда автобус ішінде қымбат телефонын ұрлатып жылаған қыздың мәселесін жүргізуші оңай ғана шешіп берді
Автобус толы халық жүргізушінің әрекетіне ризашылық білдірді
Алматыда студент қыз автобусқа мінгені сол екен "телефонымды алып қойды" деп айқай салып жылай бастайды. Тіпті автобус қыз мінген аялдамадан енді ғана жылжып үлгерген. Кешкі уақытта тығылысып тұрған жұрт не істерлерін білмей абдырап қалды. Студент қыз болса, жақында ғана алған қымбат смартфоны туралы айтып айқайға басты, деп жазды KYN.KZ. Салонда болып жатқан жағдайды естіген жүргізуші бірден көліктің есіктерін жауып "Барлығыңыздың қалтаңызды тексеремін, алдымен қазір жарық сөндіремін, өз қолдарыңызбен ортаға тастаңыз" дегенді айтқан. Ұры қорқып кетсе керек, жарық сөніп, музыка ойнаған сәтте телефонды жерге тастай салған. Екі минутқа сөнген жарықтан кейін қыздың телефоны табылды. Автобуста сығылысып тұрған көпшілік, телефонның қайдан түскенін де, кімнің аяқ астына қоясалғанын да білмей қалды. Ал студент қыз көз жасын тыйып, бірден телефонына қарай жүгірді. Жұрт жүргізушінің тапқырлығына алғыс айтып, қошемет көрсетті.