Испандық желаяқ Иван Фернандес өзінің қарсыласынан әдейі жеңіліп, Кениялық Абель Мутаиға мәре сызығына бірінші болып жетуге көмектескен
Жеңіске қарағанда өзінің адамдық қасиетін биік ұстаған тау тұлға
Испандық желаяқ Иван Фернандес өзінің қарсыласынан әдейі жеңіліп, атын мәңгілік тарихта қалдырды. 2012 жылы Испанияда жеңіл атлетикадан маңызды халықаралық жарыстар өтті. Бұл дода әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты спортшылардың басын қосты. Ал бас жүлдеге қомақты қаржы тігілген еді. Жеңіл атлетиканың ішінде, желаяқтардың тартысы тосын сыйға толы болды. Жарыстағы ең қызық жағдай мәре сызығында орын алды. Негізі Иван Фернандес Аная, Испанияның 5000 метрлік қашықтықтағы чемпионы. Өзінің басты қарсыласы Лондондағы Олимпиада ойындарының 3000 метр қашықтықтағы қола жүлдегері Кениялық Абель Мутаи Көш басына шығып, мәреге дейін 10 метр қалғанда тоқтап баяу жүріспен өзін мәре сызығын бағындырдым деп ойлап, көрермендерге қуана қол бұлғап амандаса бастайды. Бірақ жиналған көпшілік испан тілінде оған әлі де жүгіру керек екендігін айтып түсіндірмекші болған. Алайда ондай әрекеттерінен түк шықпаса керек. Екінші болып жүгіріп келе жатқан испандық Иван Фернандес Анайя қарсылысының бұл қателігін қолданып бас жүлдеге қол жеткізуге мүмкіндігі болған. Бірақ ол керісінше Мутаидың арқасынан итеріп, мәре сызығын көрсеткен. Нәтижесінде Кениялық Мутаи ақыры мәре сызығын басып өтіп, бірінші орынға ие болған. Жарыстан кейін баспасөз құралына берген сұхбатында Иван жеңіске қарағанда өзінің адамдық қасиетінің әлде қайда маңызды екенін айтқан.