Вторник, 21 марта, 2023
KYN.kz
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Саясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Арулар
  • Сұрақ-Жауап
No Result
View All Result
KYN.kz

Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

Дәрігерлер тері ауруымен емханаға түскендер саны күрт көбейгенін айтып дабыл қағуда

02.02.2023
0
Алматылықтар дүкендерде киім өлшеп, қотыр, шуаш сынды тері ауруларын көптеп жұқтыруда

Алматыда жұқпалы тері ауруына шалдыққандар көбейіп барады. Денесі қызарып, бөртіп дәрігерге жүгінетіндердің дені жастар екен. Ақ халаттылар теміреткі, қотыр, қышыма сынды кесел қарашаға көбінесе киімнен жұғылатынын жеткізді, деп жазды KYN.KZ сайты КТК арнасына сілтеме жасап.

Дерматологтар жаңа киімді міндетті түрде ыстық сумен жуып, дүкендердегі киім өлшейтін орындарда сақ болуға шақырады. Әсіресе, Second hand дүкендерінен тауар алу қауіпті деп отыр. Алайда бұл пікірмен ескі киім сатып пайда табатын дүкен басшылары келіспейді.

Алматыдағы тері-венерологиялық диспансерінде емделушілер көп. Денесі қызарып, қышынып әлек болғандардың дені жастар. Өткен жылғы статистикаға сүйенсек, есепте тұрған науқастардың саны екі есеге артыпты. Дәрігерлер қаладағы киім-кешек сататын дүкендер тері ауруының ошағына айналғанын жеткізді. Әсіресе теміреткі, қотыр, қышыма сынды кеселдер киімнен жұғады. Олар дүкен аралап келген соң міндетті түрде жуынуға кеңес береді.

«Дүкендерге барып келген соң жалпы, жуыну, жеке гигиена сақтауға кеңес беремін. Сатып алған киімді үтіктеп, үлкен градуста жуыптазалауға кеңес беремін. «Соңғы рет қайда болдыңыз, киім киіп көрдіңіз бе, дүкенге бардыңыз ба?» деп сұраймыз. Сонда есіне түсіріп жатады. Науқастардың көбі «дүкенде болдық, киім киіп көрдік» деп айтады»,-дейді Алматы тері-венерологиялық диспансерінің дәрігері Бибігүл Кенжебаева.

Дерматологтар қалада қаптап тұрған Second hand дүкендерінен киім алу қауіпті екенін жасырмайды. Өйткені  АҚШ пен Еуропадан әкелінетін бұрын киілген жемпір мен жейде әбден ескірген. Оны қандай адам кигені де белгісіз. Алайда Second hand-тан киінетін Денис Кряжев бұл пікірмен келіспейді.

«Біріншіден, ондағы киімдер өте сапалы. Матасы да жақсы. Жазда терлемейсің. Еш қорқыныш жоқ. Ал Қытайдың тауарын кисең, денең қышып мазаң кетеді. Өнімдері сапасыз. Содан ауру жұқтырып алуға болады. Менің ойымша, ең бастысы, әр адам жеке басының тазалығын сақтау керек. Сол жеткілікті»,-дейді алматы тұрғыны Денис  Кряжев.

Алматыда тері ауруына шалдыққан 200 адам есепте тұр. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш тағы 26 науқаспен толығыпты. Дәрігерлердың айтуынша, үсті-басың бөртіп қасына бастасаңыз, бірден ауруханаға барған дұрыс. Себебі, тұрғындардың көбі тері ауруын аллергиямен шатастырып, асқындырып алуы мүмкін.

Бөлісу1065Твит666
  • 6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    6 жылдан бері 4 баласын тастап, қашып жүрген әйел: Өзімнен 15 жас үлкен күйеуім түні бойы айуандық жасайды

    5446 бөлісу
    Бөлісу 2178 Твит 1362
  • Алматы облысында үшем дүниеге келді

    2897 бөлісу
    Бөлісу 1159 Твит 724
  • Бибігүл Төлегенова өзінен бір мүшел жас үлкен күйеуінен көрген қиындықтарды айтып берді

    2355 бөлісу
    Бөлісу 942 Твит 589
  • Астанада неке рәсіміне келген ер адам намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтады

    1889 бөлісу
    Бөлісу 756 Твит 472
  • Мадина Садуақасова енесімен қарым-қатынасындағы қиыншылық туралы айтты

    1860 бөлісу
    Бөлісу 744 Твит 465
  • «Ұрланған қыз»: Мені ұрлап, қамап, қинап еккендер сот алды тергеуде ресми түрде өтірік жауап берді (видео)

    2024 бөлісу
    Бөлісу 810 Твит 506
  • Алматы облысында үш оқушы ер адамды өлімші етіп сабап, мүгедек қылып қойды

    1439 бөлісу
    Бөлісу 576 Твит 360
  • 4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

    1277 бөлісу
    Бөлісу 511 Твит 319
  • Алматыдағы №86 мектеп директорының орынбасары: Қазіргі директорымыз белгісіз адамдарды жұмысқа тіркеп, айлығын өзі алады

    1260 бөлісу
    Бөлісу 504 Твит 315
  • Ақтөбе облысына қарасты Қобда ауылында қызыл су басқан үйлер құлап жатыр

    1096 бөлісу
    Бөлісу 438 Твит 274
Facebook Youtube Instagram RSS
KYN.kz

Сайт материалдарын пайдалану шарты

Көшіріп басу, сілтеме беру, материалды жариялау (фото, видео, аудио жазбаларды қоса) KYN.KZ сайты редакциясының хат түріндегі рұқсаты берілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.

Байланыс


Kyn.kzinfo@gmail.com

Астана қаласы. Сарайшық көшесі 34 үй


Жарнама бойынша осы телефонға хабарласыңыз:

+7 777 084 09 65

Яндекс.Метрика

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Мәдениет
  • Фото
  • Экономика
  • Саясат
  • Арулар
  • Калейдоскоп
  • Қоғам
  • Спорт
  • Арулар
  • Денсаулық
  • Видео

© 2019 KYN.kz - PINGVVIN Studio.