Басты жаңалықтар

Әсел Асқар бала күнінде зорланғанын айтты

Блогер: Анам бұл жағдайды естіген кезде қатты жылады

Бүгінде танымал блогер атанған Әсел Асқардың бар өмірін оқырмандар желідегі парақшасынан көріп отырады. Жақында ғана жасына толмай қайтыс болған ұлына ән арнап, өзге де осындай жағдайды басынан кешірген әйелдерге қолдау білдіруге тырысқан блогер Динара Сәтжанға жан сырын ақтарды, деп жазды KYN.KZ сайты. "Мен бала күнімде зорлыққа да басқасына да тап болдым. Барлығы басымнан өтті. Кейіннен есіме түскенде "Шынымен мұның барлығы менің басымнан өтті ме? деп ойладым. Осы жағдайды сол кезде ешкімге айта алмадым. Маған кім сенетін еді? Анама  25-26 жасымда айттым. Ол қатты жылады. Әлі есімде, жасым 4-5 шамасында болатын. Балабақшада бәріміз ойнап жүрдік. Жолға қарап тұрған мені ашық тұрған үлкен есіктен бір ер адам шақырды. Мен жүгіріп бардым. Одан кейін ол мені алыстау, адам жоқ жердегі ағаштар арасына алып барды. Кейіннен есіме жиі түсіп, мазам кететін болды. Сол кезде де мен тек өзімді кінәлаумен болдым. Осы жағдайдан кейін мен үнемі жалбар, спорттық аяқ киім киетін болдым",- дейді Әсел Асқар. Әсел Асқардың желідегі оқырмандары оны шынайылығы үшін жақсы көреді. Бірде сөгіп алатындар да бар. Өйткені блогер үнемі өзгелерден ерекше әрекеттерге барып отырады. Ол өзінің күйеуі ұрғанын да еш жасырмай айтабереді. Ешкімнің сынына аса мән бермейтін сыңайлы. Сонымен қоса, ұлынан айырылған сәтте қалай қайғырып, қиындықты қалай жеңуге тырысқандарына дейін парақшасына жүктеп отырды.