Басты жаңалықтар

Арыста канал суы тасып жатыр (видео)

Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай каналының мұзы еріп, жауын-шашынның көптігінен де су тасып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері түні бойы су айдау және инертті материал cалынған қапшықтарды тастау жұмыстарын жасады. «Біріккен күшпен Майдантал ауылын су басуға жол берілмеді. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмысты жалғастыруда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Облыста жаңбыр тоқтады. Алайда су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамдары да көңіл көншітпейді. Жағдай ерекше бақылауда», - деп мәлімдеді ведомство. https://youtu.be/7-4w9o0ZpyU https://youtu.be/7-4w9o0ZpyU