Ақорда едені қып- қызыл қан болды: Қаңтарда Мәсімов пен Тоқаев күзеті төбелесті
Өткен жылғы қаңтар айында Ақордада мемлекет басшысының жеке күзеті мен Кәрім Мәсімовтің жеке күзеті арасында төбелес болды. Бұл туралы журналист Гүлнара Бажкенова мәлімдеді, деп жазды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Оның айтуынша, биыл да айтылған дерекке ұқсас тағы бір оқиға болған. Алайда бұл жолғы шайқастағы адамдардың өткен жылғыға қатысы болмаса да, одан басқа құпиялардың басын ашып берген көрінеді. «Үшінші қаңтарда қазақстандық авторитаризмнің қасиетті де киелі орны – Ақордада Тоқаевтың жеке күзеті мен Мәсімовтің жеке күзеті арасында кескілескен шайқас болды. Негізі, Мәсімов бұған дейін Тоқаевқа Ақорда мен Қазақстаннан кету туралы шұғыл өтінішпен бірнеше рет келген. Белгілі болғандай, ол 1,2 қаңтардан бастап күн сайын келген. Тоқаев бас тартқан сайын бұл жердегі наразылық та арта түскен». Қазақстан Президентінің Резиденциясында алғаш рет қан төгілгенін хабарлаған Бажкенова оқиғаның дүйім жұртқа белгісіз тұстарын айтуға құқылы екенін алға тартып, қантөгіс расталса да, шындық жақын арада ашыла қоймайтынын, елдің бұған сенуі де екіталай екенін айтады. «Ал үшінші қаңтарда Тоқаев пен Мәсімовтің күзетшілерінің арасында төбелес болған. Менің дереккөздерімнің айтуынша, жан алып-жан беріскен шайқас болған. Бір-бірін пышақтап, тіпті өлгендер де болған. Алғаш рет Қазақстан Президентінің Резиденциясында қан төгіліп, едені қанға боялған. Президенттің күзеті жеңіске жеткен сәтте Тоқаев пен Мәсімов күтпеген жерден өздері жақсы білетін қытай тілінде сөйлескен. Басқаларға түсініксіз болып қалған диалогтың соңында Мәсімов орыс тілінде: "Мен не істеуім керек?” дейді. Ал Тоқаев: "Бірдеңе істеуге тым кеш қалдың" деп жауап береді. Үш күннен кейін Кәрім Мәсімов қамауға алынады».