Басты жаңалықтар
Дәрігерлер 998 грамм салмақпен өмірге келген нәрестені аман алып қалды
- автор kyn.kz
- 3 ақпан, 2023
- 490
Салмағы 998 грамм қыз нәресте жүктіліктің 28-ші аптасында дүниеге келді, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.
Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері бала ағзасының жетілмегендігінен бөлек, бүйрек жетіспеушілігінің ауыр түріне тап болды.
«Бұл кем дегенде бір бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Баланың шала туғанын ескерсек, оның ағзаларының жетілмегендігі – өте қиын мәселе. Сондықтан да жағдай екі бүйректің де зақымдануына алып келді. Өмір сүру мүмкіндігі дерлік болған жоқ. Сәби 52 күн жан сақтау бөлімінде, екі ай Жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімінде болды», - деді неонатолог-дәрігер Елена Плужникова.
Кейіннен сәби көзінің ішкі қабығы зақымдалғандықтан ота жасалды. Анасы 112 күннен кейін қызын құшағына алды. Бұл уақытта салмағы екі келі болған. Дегенмен бала әлі де бүйрек трансплантациясын қажет етеді. Мамандар алты айдан кейін ота жасау мәселесін қарастыруға болатынын айтты.
Келесі мақала