Қазақстанда LRT 2024 жылдың соңына дейін іске қосылатын болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.
Бірнеше жылға созылған құрылыстың аяқталу уақытын елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді. Қала басшысы бүгінгі таңда құрылыс жұмысының қарқындылығын, алдағы уақытта LRT-де жүретін болашақ пойыздарға аванстық төлемдер жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
«Техника, LRT-мен жүретін пойыздар бойынша аванстық төлемдер жасалып жатыр. 2023-2024 жылдары жоба іске асырылады. Ал келесі жылдың аяғына дейін іске қосылуы қажет. Алғашқы қаржыны Үкімет былтыр берді. Биыл бұл нысанның құрылысы белсенді түрде жүргізілмек», - деді Жеңіс Қасымбек.