Басты жаңалықтар

Желіде көпбалалы отбасылар мен жастар үшін салынған көпқабатты үй қабырғасының қирағаны түсірілген бейнежазбасы тарады (видео)

Елорда тұрғыны бейнежазба жариялап, жаңадан салынған көпқабатты үйлердің жағдайын айтты. Қабырғаға түскен үлкен жарықты түсірген әйел әкімдіктен «қабырғаның еш жері жарылмаған» деген жауап алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. Автор түсірген бейнежазбасын Instagram желісіне жүктеген. Онда Астанадағы көпбалалы отбасылар мен жастар үшін салынған үйдің қабырғасы жарылып, жиі жел соғатынын айтқан. Тіпті тұрғын шпательдің қабырғаға қалай кіріп, сыйып тұрғанын да көрсетті. «Пәтерге барған кезде, 1 ақпан күні қабырғаны қолдан жарғаны белгілі болды, меншік иесі өз бетінше жасаған. Бейнежазба түсірілген сәтте пәтерде жөндеу жұмыстары жүргізілгені анық. Осы мақсатта саңылау шпательмен жасалған. Одан басқа жағдайда олай қабырғалардың жарылуы мүмкін емес», - деген жауап айтты әкімдік. Сондай-ақ, жергілікті билік өкілдері пәтердегі жылудың төмендігіне қатысты шағымдарға түсініктеме берді. https://youtube.com/shorts/c20tLjY8BpY?feature=share