Журналист Махамбет Әбжан ісі бойынша сот үкімін шығарды
Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында журналист Махамбет Әбжанға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылып, 9 жылға темір торға тоғытылды, деп хабарлайды KYN.KZ. Журналистке «көрінеу жалған ақпарат тарату» (274-баптың 3-бөлігі) және «бопсалау» (194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы) баптары бойынша айып тағылған. Cот процесі жабық форматта өтті. Алдын ала тыңдауда кәсіпкер Рашид Махаттың адвокаты жабық форматта өткізуге өтініш білдірген. Екі тарапта жеке деректерді тарату, қорлау әрекеттерінің алдын алу мақсатында аталған форматты таңдаған. «Abzhan news Telegram арнасында сотталушының 11 мыңнан астам оқырманы әрі жақтаушылары бар. Түсініктемелерге қарағанда, қалың көпшілік оны қолдайды». Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы журналист әрі блогер Махамбет Әбжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткен жылғы 3 шілдеде тұтқындады. Жәбірленуші тарап, Рашид Махаттың айыптауы бойынша журналист ақша бопсалап, 50 млн теңге алған.