Басты жаңалықтар
Қонаев қаласының 43 жастағы тұрғыны ас қасықты әдейі жұтып, өле жаздады
- автор kyn.kz
- 4 ақпан, 2023
- 309
Дәрігерлер жедел ота жасап, азаматты өлімнен құтқарып қалды
Қонаев қаласының қалалық көпбейінді ауруханасында хирург дәрігерлер 43 жастағы ер адамның асқазанынан ас қасық алып шықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Медициналық мекеменің хирург дәрігері Тахир Шкурәлиевтің айтуынша, мұндай жағдайлардың диагностикасы рентгенографиялық тексеруге, эндоскопиялық зерттеуге негізделген.
Емдеу кезінде күту тәсілі қолданылуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда эндоскопиялық жолмен шығару қолданылды.
"Уақтылы диагноз қойылмаған жағдайда қабыну процесі, бөгде заттың айналасындағы инфильтрат, оның іріңдеуі, жылжуы, сондай-ақ ішектің бітелуі немесе перитониті бар перфорация пайда болуы, бұл өлімге әкелуі мүмкін", - деді Тахир Шкурәлиев.
Қазір науқас өзін жақсы сезінеді және бөгде затты ол әдейі жұтқанын мойындады.
Ол Қонаев қалалық көпбейінді ауруханасының заманауи емдеу әдістерін қолданып, өз өмірін сақтап қалғаны үшін дәрігерлерге алғыс білдірді.