Басты жаңалықтар

"Әншіліктен ақша таппай қалдыңыздар ма?": Айдарбекова мен Индира Расылхан желіде киім сатып халықтан сөз естіді

Айдарбекова: Мен ешқашан саудадан ұялмаймын, сол сауданың арқасында Қайратты көтердім

Қайрат Нұртастың анасы желідегі парақшасында әйелдер киімін көтерме бағада сата бастады. Ол өзін сынағандарға ешқашан сауда жасаудан арланбайтынын айтты, деп жазды КYN.KZ сайты. Танымал әншінің аты шулы анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұйықтағанда киетін әйелдер киімін таныстырып, матасына мән беріп, көпшілікке оны қайда, қалай киюге болатынын айтқан. "Саудада береке бар". Оны тек саудамен айналысып жүрген адам ғана біледі. "Гүлзира ханым, бұл сізге жараспайды" дегендерге айтарым, мен ешқашан саудадан көтерілгенімді жасырған емеспін. Қайратты Қайрат қылу үшін де көп қаражатты сол саудадан тауып, клипін де түсіріп, әндерін де жаздыртқанмын. Сол үшін де  біздің келіншектер, жігіттеріміз ешкімнен ақша сұрамай, өз табысын тапсыншы деген оймен  жасап жатырмыз",- деді шоуменнің анасы. Гүлзира Айдарбекованың қасында әнші қазір психолог болған Индира Расылхан да саудаға кіріскен сыңайлы. Бірақ, желі қолданушылары халық алдында жүрген әншінің және продюсерді онша жақтыра қоймаған сыңай танытты. "Ой құдай, бұлда бір ақша табудың айласы. Индира әнші болып еді, одан ақша таппағаннан кейін киім сатып, екеуіңіз жақсы қосылыпсыздар", "Бұларды осындай жерден көру біртүрлі екен", "Әншілер осы подписчик жинап алып, оларды қалай пайдалансақ екен деп саудаға көштіңіздер ма?" "Гүлзира, сауда қазір жасайсыз, сосын ел алып, сапасы дұрыс болмай. атыңызға кір келеді. Сіз араласпаңызшы мұндайға. Индира өзі сатаберсін. Қайтесіз?" деген сынды пікірлер көп.