Басты жаңалықтар
"Хирургия" оқулығын ғана оқып, 16 адамды ажалдан алып қалған алаяқ хирург
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2023
- 258
Бірнеше мамандықты өзі меңгеріп, одан табыс табуға тырыспай тек адамдардың сыйластығын алғысы келген Фердинанд Вальдо Демар.
Фердинанд Вальдо Демар Бенедиктин монахы, түрме директоры, кеме дәрігері, бала күтімі бойынша сарапшы, құрылыс инженері, шерифтің орынбасары, психолог, адвокат, тәртіп сақшысы, мұғалім, редактор және қатерлі ісікке қарсы ем іздейтін ғалым ретінде өзін көрсетті. Бірақ ол ешқашан одан ақша табуды көздемеді. Бар мақсаты басқалардың өзін сыйлағаны еді. Сонымен қатар Вальдоның фотографиялық жады мен IQ деңгейі жоғары болған, деп жазды KYN.KZ.
Шіркеуде ол жас дәрігер Джозеф Сирамен танысып, оның есімін пайдаланып, өзін хирург ретінде көрсете бастайды. Корея соғысы кезінде ол лейтенант шенін алып кеме дәрігері лауазымына ие болып Кореяға жіберілді.
Корей соғысы қызған шағында медициналық білімі жоқ болсада, «Каюга» кемесінде кеме дәрігері болып жұмысын атқара береді.
Газеттерде Ферденанд туралы жаза бастады. Бір күні оған 16 ауыр жарақат алған сарбаздарды әкелмейінше, Демар қалғандарын пенициллинмен емдеп жүрді. Сарбаздарды әкелген күні каютасына жабылып алып, хирургия туралы оқулықты оқыды, содан кейін өмірінде бірінші рет барлық оталарды өз бетінше жасады. Өткізілген отадан кейін, барлық сарбаз аман қалды. Кездейсоқ бұл мақалаларды Джозеф Сираның анасы оқып барлық шындық белгілі болады. Алаяқтығы әшкере болған соң, кеменің капитаны бұл “хирургтің” ешқашан қолына скальпел ұстамағанына сене алмайтынын айтқан.
Канада әскери-теңіз күштері Демараға айып тағудан бас тартып ол Америка Құрама Штаттарына оралды.
Арада біраз уақыт өткеннен кейін Техастағы түрме бастығының орынбасары болып жұмысқа орналысты. Онда Демар қылмыскерлерді психологиялық қайта құрудың маңызды бағдарламасын бастады және оны сәтті аяқтады.
Фердинанд Вальдо Демар 1982 жылы жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол туралы бірнеше кітап жазылып, фильм мен сериалдар түсірілді.