Басты жаңалықтар

Түркістандық полицей түн ортасында тасқын суға шөгіп жатқан адамды өлімнен құтқарып қалды

Полицей ауылды күзетіп көлікте кетіп бара жатып, қараңғыда су ағысына төтеп бере алмай ағыс бойымен жөнелген адамды байқап қалған

Оқиға түнгі уақытта  Сауран ауданындағы  Шаға ауылында болған. Ер адам тасыған судың ағыс екіпініне төтеп бере алмай  ағып бара жатқан.  Учаскелік полиция инспекторы  Абай Байжұман  ер азаматтың суға түсіп кеткенін байқаған, деп жазды KYN.KZ. Бірден көлікті тоқтатып, үстіндегі арнайы киімімен суға сүңгіп кеткен. Ол бірден ер адамды жағаға қарай алып шығады. Ағын суға  әбден шөгіп, шаршап қалған ер адам бірден емханаға жеткізілген. Желі қолданушылары түн уақытында өз өмірі мен денсаулығын аямай ерлік жасаған полиция қызметкеріне алғыстарын жаудырды. Полицейдің тұрғынды құтқарған сәтінің видеосы осында