Басты жаңалықтар

Әнші Мақпал Исабекова ернін үлкейткеніне өкінді

Әнші Мақпал Исабекова өзінің жас күніндегі суретін көрсетіп, ернін үлкейткеніне өкінетінін жеткізді. Өнер иесі бұл жайлы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ. "Ассиметриядан құтылу үшін үстіңгі ернімді үлкейттім. Ал астыңғы ернімнің жағдайы жақсы болды. Мен мұны шамамен 10 жыл бұрын бірнеше рет жасадым. Косметолог гель (еріндегі - ред.) шамамен "алты айдан кейін ериді" деп уәде берді. Көріп отырғаныңыздай, ештеңе ешқайда кеткен жоқ. Меніңше, ол ерніме гельден тығыз нәрсе салған сияқты. Қазір брекетімнің шешілгенін күтіп жүрмін. Оны кестіріп тастайтын шығармын. Мен ерінді үлкейтуге, ине шаншытуға кеңес бермеймін. Маған қазір табиғи келбетім ұнайды. Дер уақытында түсінбегенім өкінішті", – деді Мақпал Исабекова. Сонымен қатар әнші ерні үлкейтілмеген кездегі суретін де көрсетті. "Ернім үлкейтілмей тұрып осындай болған екен. Шынымен әдемі болған ғой. Неге оны әдемілендіре түсетіндей болғанмын", - деді әнші.