Басты жаңалықтар
Атырауда 11 жасар қызын әкесі ұрып-соғып, намаз оқуға мәжбүрлеген
- автор kyn.kz
- 5 ақпан, 2023
- 850

Әкесінен зәбір көріп, үйінен қашып кеткен жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тұрып жатыр
Бұндай ақпаратпен бейімдеу орталығының қызметкері Дильназ Әділжанқызы әлеуметтік желіге жазды. Дильназдың айтуынша11 жасар қыздың анасы түрмеге түскен. Бостандыққа шыққаннан кейін отбасын тастап, балаларынан бас тартқан.
"Былтыр жасөспірім қыз әжесінен ауруханаға апаруды өтінген. Аурухана дәрігерлері жасөспірімнің денесінен жарақатты, көгерген дақты, қабырғасының сынығын анықтаған. Ал, биылғы қаңтарда сыныптасының әкесінен көмек сұраған. Ол жасөспірімді полицияға жеткізген. Полиция қызметкерлері әкесінен қорлық көрген қызды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырды", -деп жазды Дильназ Әділжанқызы Facebook парақшасында.
Қазір психологтар азаптауға ұшыраған жасөспіріммен жұмыс істеп жатыр.
Ал полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025