Басты жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау тоқтатылды

Бүгін Қазақстанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдау бастала салысымен тоқтатылды, деп хабарлады, KYN.KZ сайты. Өтінімдер Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы қабылданды. Алайда сайттың жұмысында бірден ақау пайда болды. 4%- автонесиеге өтінім қабылдау бүгін басталған еді. Көпшілік сайттың дұрыс істемей жатқанын, жолақтарды толтырып бітпей сайт жауылып қалғанына шағымданған еді. Платформада тек Қазақстан аумағында тіркелуге мүмкіндік берілген болатын.