Басты жаңалықтар

Екібастұзда сәләфтарды жақтаушы сауда үйінде жүрген бұрыңғы әйеліне нәжісін жағып, үстіне жасыл дәрі құйып кетті

Бұрыңғы әйелін балағаттап, ел алдында қорлаған азамат 5 тәулікке ғана қамалды

Екібастұз қаласының тұрғыны сауда орталығында  жүрген бұрынғы әйеліне арнайы дайындықпен келіп, көпшіліктің көзінше балағаттап қорлаған, деп хабарлады KYN.KZ тілшісі. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 қаңтарда Екібастұз қаласының тәртіп сақшыларына әйел адам хабарласып, көмектесулерін сұраған. Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы ер адамның бұрынғы зайыбына барып, жанжал шығарғанын анықтап, қорғау ұйғарымын шығарған болатын. Алайда 29 қаңтарда ол сауда үйлерінің бірінде әйелге нәжісін жағып, үстіне жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан. Осылайша, ол қорғау ұйғарымын бұзған. Бұған қоса, ер адамның деструктивті ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы екендігі анықталды. Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды.