Астана тұрғыны пойызда 7 млн теңгесін ұмыт қалдырған
3 ақпан күні Есіл бекетіндегі полиция бөлімшесіне елорданың 43 жастағы тұрғыны 4 млн теңге және 6 мың АҚШ доллар салынған сөмкесін іздеуге көмек көрсету туралы өтініш білдірді. Бұл туралы KYN.KZ ақпараттық агенттігі жазады. Сөмке иесі Денис Чернецский Есіл бекетіне достарына Алматы – Орал бағытындағы жолаушылар пойызымен достарына қонаққа келген. Ақша мен құжаттар салынған сөмкесінің жоқтығын үйіне келгенде бір-ақ білген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде көлік полициясының қызметкерлері сөмкені тауып, ондағы дүниесімен қоса иесіне қайтарып берді. Қайтарылған қаржы – шамамен 7 млн теңге.