Павлодарда өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды полиция қызметкері аман алып қалды
Павлодарда полиция қызметкері өзіне қол жұмсамақ ер адамды құтқарып қалды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады. Мәліметтерге сүйенсек, 5 ақпан күні шамамен сағат 12:00-лерде учаскелік полиция инспекторы Дулат Бейсекенов Павлодардағаы Успен ауданы Константиновка ауылы әкімшілік учаскесін аралап шыққан. Аралау барысында ауыл тұрғынының суицид жасап жатқанының үстінен түскен, деп жазады KYN.KZ ақпараттық агенттігі. «Жексенбіде есепке алынған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеруді шештім, бірнеше үйді тексеріп, маскүнем санаты бойынша ішкі істер органдарында есепте тұрған 59 жастағы ауыл тұрғынына бардым. Ер адам алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланады және еш жерде жұмыс істемейді. Есікті жұбайы ашып, күйеуінің көшеде екенін хабарлады. Мен үйдің артына бардым, онда ер адамның үйдің қабырғасына кабельді іліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көрдім. Мен оған жүгіріп барып, көтеріп алдым да, терезені қағып, пышақты шығаруды өтіндім. Ұлы пышақ алып келді, ұлынан әкесін ұстауға көмектесуін өтіндім, ал өзім қабырғаға баспалдақ қойып, көтеріліп, кабельді кесіп тастадым. Туыстарынан жедел жәрдем шақыруды өтіндім. Жедел жәрдем келгенге дейін ер адамның қасында болдым», – дейді Дулат Бейсекенов. Жедел жәрдем келіп, медициналық көмек көрсетілген соң тұрғынды облыстық психоневрологиялық диспансерге алып кеткен. Айта кетейік, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Дулат Бейсекенов ішкі істер органдарында 2013 жылдан, учаскелік инспектор лауазымында 2019 жылдың сәуір айынан бастап қызмет етіп келеді.