Әлемдегі алғашқы трансгендер Данияда өмір сүрген
Эйнар Вегенер 1882 жылы дүниеге келген. Эйнар да, әйелі Герда да суретші болған. Бір күні натурашы әйел жұмысқа келе алмай, Эйнардан әйелдер шұлығы мен өкшелі аяқ киім киюді сұраған. Вегенер әйелдер киімінде өзін өте жайлы сезінеді. Алғашқы күмән осы сәтте туады. Эйнардың әйелді сомдаған бейнесін әйелі Герда алаңсыз қағаз бетіне түсірді. Герданың бұл туындылары үлкен жетістіктерге жетіп, қомақты қаржы да әкелді. Алайда Эйнар әйелдер киімін киген сайын өз әйелінен алыстай береді. Оны көрген Герда Эйнардың әйел болғысы келетінін аңғарады. Себебі екеуі ерлі-зайыпты емес, қос құрбыдай болып кеткен еді. Әйел болуға құштар болған Эйнар бір ер адаммен танысып, кездесіп те жүреді. 1930 жылы сол кездегі бірқатар жаңа операциялар жүргізіліп жатқан кез еді. Әйел болуды таңдаған Эйнардан ақыры ер адамның жыныс мүшесі алынып тасталып, әйелдің аналық бездері трансплантацияланады. Осылайша Лили Эльбе өмірге келеді. Оның алғашқы айтқан сөзі «Мен толыққанды әрі бақытты өмір сүре бастадым, енді мен ана болғым келеді» болды. Эльбе 48 жасында ағзаның трансплантацияланған жатырды қабылдамауынан қайтыс болады.