Премьер-Министр мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің ахуалын айтты
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет басқосуында мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Жаңадан мемлекет бюджетіне салынып, қараусыз қалған баспана тәрізденген үйлердің сиқын көрсетіп, қызметкерлерге шұғыл мәселені шешуді тапсырды. «Мұндай сапасыз үйлер салынған аймақтарды атамай-ақ қояйын. Бір-ақ нәрсені нақты айта аламын: Барлық жердегі көрініс бірдей. Балалардың қайда ойнайтынын қараңызшы. Аулаларға, жолдарға қараңыз! Сонда бұл ендігі қалыпты жағдайға айналғаны ма? Жергілікті әкімдер бюджет қаражатына салынған үйлерге тексеру жүргізіп, барлық кемшіліктерді жоюға тиіс. Мұны тез арада жасау керек», - деді премьер-министр.