Басты жаңалықтар

Аймағамбетов, Толықбай, Заитов: Amanat партиясы Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізімін бекітті

Мәжілістен кімді көргіңіз келеді, кімге сенесіз?

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ақын Ринат Зайытов, журналисттер Нартай Аралбай, Мақсат Толықбай Amanat партиясы атынан Мәжіліске депутат болмақ, деп жазды KYN.KZ сайты. Amanat партиясы атынан 90 кандидат қатысады. Олардың қатарында Ерлан Қошанов, Асхат Аймағамбетов, Есен Елеукен, Ринат Зайытов, Дархан Қамзабек, Артур Платанов, Нартай Аралбай, Мақсат Толықбай және тағы басқан. Сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Мәжіліс депутаттығына 29 үміткер қатысады. Үміткерлердің тізімі бүгін Астана қаласында өтіп жатқан AMANAT партиясының кезектен тыс XXV съезінде бекітілді. Айта кетейік,  19 наурызда Мәжіліс сайлауы өтееді. Науқанға 7 саяси партия қатысады.