Басты жаңалықтар

Нұрсейіт Жылқышыбай Amanat партиясына өткен Ринат Заитовты әжуалады

Жылқышыбай: Бәрін қойшы, кезінде тамағыңды керіп айтқан Шындық обал болды

Нұрсейіт Жылқышыбай Amanat партиясы атынан депутаттыққа үміткер болып отырған айтыскер ақын Ринат Заитовты сынап тастады, деп жазды KYN.KZ. Журналистің сөзінше ақын біраз уақыттан бері сұхбат беруге уәде бергенімен, нақты  кездесуге ыңғай бермей келген. "Енді  міне экс-президент негізін қалаған партияның құрамына кіріп, "Крыша" таптың" деп жазды Жылқышыбай. "Шырылдауық шегірткедей шыр-шыр етіп домбырасын сабалап шындық айтатын Ринат Зайытов «Нұр-Отан – Аманаттан» депутат болмақ екен. Нұрсұлтан Назарбаев атасы құрып берген партияға мүше болуымен. Бекболат Тілеухан ағасынан қалған мандат қайырлы болғай. Айтыста тамағын керіп айтқан қаншама шындық далада қалды. Шындықты аяп отырмын. Айтпақшы, маған сұхбат берем деп қоянның суретін салып кетіп еді. Енді қоянша ұстатпайды-ау. «Нұр-Отан» аты «Аманат» боп өзгергенімен заты өзгерді ме? Отыз жыл елдегі саяси бәсекелестікті, экономикалық ахуалды құртқан осылар емес пе? Енді аттарын өзгертіп барлық жауапкершіліктен бас тартпақшы. Жаңақазақстаншыл болса. Шын мағынасында. Барлық жасаған кіналарын ашық айтпай ма? Тазармай ма, жаңармай ма? Ринат Зайытов, Қошановтың қолын алып мәз болма. Нұр-Отандарыңда  нақақ көздің қаншама жасы бар. Баяғыда бір айтыста Мұхтар Ниязовқа «Сенің крышаң Нұр-Отан, Ал менікі халқым. Сенің домбыраң алтын, Ал менікі ағаш» деп тақпақтап ең. Крышаң құтты болсын!",- деді журналист Нұрсейіт Жылқышыбай. Желі қолданушылар осы жазбадан кейін бұрыңғы билік партиясының атынан Мәжіліске баражатқан Заитовқа сенім қалмағанын жазып жатты. "Бұрыңғы Ұры Отан Аманаттан қиянатқа айналған сияқты.  Жалпы Ринаттан Үкімет қорқады,  Сондықтан Ұры Отан  қазіргі Жаманатқа тартқан сияқты. Ринат сарай ақыны екен, ел алдында көк тамыры шығып "Халқым" деп күшеніп тақпақтағанына сеніп қалыппыз" деген сынды түрлі пікірлер ағылды.