Басты жаңалықтар

Талдықорғандық ер адам әкесін табамен ұрып өлтірді

Талдықорғанда 18 жасар жігіт өз әкесін өлтіруде күдікті ретінде ұсталды, деп хабалайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі. 50 жастағы ер адамның денесі 6 ақпан күні Көктал ықшамауданындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Құқық қорғау органдары жігіттің ас үй табасымен әкесін өлгенше соққының астына алғанын мәлімдеді. Бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 99-бабына сәйкес «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді. Қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар жүргізілді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды.