Шетелдіктердің Қазақстанда тұрақты тұруына өзгеріс енгізілді
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын шетелдік паспорт қажет
ҚР ІІМ бұйрығымен тұрақты тұруға рұқсат ресімдеу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп жазды KYN.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасады. Көші-қон келісімі бар елдердің азаматтары Қазақстанға ішкі құжаттармен кіре алады, шыға алады, транзитпен өтеді, жүре және уақытша тұрақтай алады. Алайда шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат алуы үшін жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесін растайтын шетелдік паспорт қажет. "Шетелдіктер тұрақты тұруға өтініш берген күні өзінің шетелдік паспортын ұсынуы және оның жарамдылық мерзімі кемінде 180 күнтізбелік күнді құрауы тиіс. Уақытша тұруға рұқсат алуы үшін тұрғын үй иесінің, оның атынан сенімхат бойынша әрекет ететін адамның баруы не болмаса меншік иесінің нотариалды расталған келісімі қажет",делінген хабарламада.