Басты жаңалықтар

Әлемдегі мектептердегі балаға арналған ең ауыр жаза

Дамыған мемлекеттердің өзі де, дене жазасын тәрбиелік мақсатта қолданады

Әлемдегі мектептердегі ең ауыр жаза.  Әр түрлі елдерде мектеп оқушыларын қалай жазалайды? Сонымен Пакистанда оқушылар мектепке 2 минутқа кешігіп келсе, жаза ретінде 8 сағат құран оқиды. Ең қызығы бұл жаза ұстаздарға да қолданылады, деп жазды KYN.KZ Ал Африкадағы Намибияда бұзықтық жасаған оқушы араның ұясы бар ағаштың астында сағаттап тұрады екен. Қорқынышты болса да, тіпті дамыған елдерде де дене жазасы бар. Мысалы Ұлыбритания осындай әрекеттерімен көпшілікке танымал. 2011 жылы үкіметтің Консервативтік партиясы жас ұрпақтың сабырсыздығынан интернетте өмір сүре бастағанын алға тартып, мектептегі осы дене жазаларына салынған тыйымды алып тастады. Бразилия мұғалімдері көптеген ғасырлар бойы дене жазасын бұзақы балаларға ең тиімді жаза ретінде қолданды. Алайда  Бразилиядағы білім беру жүйесі заманауи, ал тәртіпсіз балаға берілетін ең ауыр жаза – үзілісте футбол ойнауға тыйым салу. Робот жасаудан алдына жан салмайтын Жапондықтар сабақты тыңдамаған оқушыға, жаза ретінде су толы шелекті басынан жоғары етіп көтеріп тұруын талап ететін  көрінеді.