Түркияның Искендерун қаласында жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп отыр
Жойқын жер сілкнісінен кейін адамдар саябақтар мен басқа да ашық жерлерде паналауға мәжбүр
Магнитудасы 7,7 болатын дүмпулерден кейін жолдарды, алаңдарды, кәсіпорындарды теңіз суы басып жатыр. Ол жер сілкінісінен кейін су жағалау сызығынан бірнеше метрге көтерілді. Екі күн өтсе де су кері шегінбеген. Жаңа дүмпулердің және ықтимал су басу қаупіне байланысты адамдардың үйлеріне қайтуына рұқсат етілмейді. Тұрғындар портты қаланың жағалау бөлігіндегі ғимараттардан эвакуацияланып жатыр.