Басты жаңалықтар

10 ақпанда "Болашақ" түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания қатысады.

10 ақпанда Астанада "Болашақ" бағдарламасының инженерлік-технологиялық мамандықтары бойынша түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді, деп  жазды KYN.KZ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Жәрмеңкеде IT, телекоммуникация, аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп саласындағы 20-ға жуық компания "Болашақ" түлектеріне бос жұмыс орындары мен мансаптық мүмкіндік ұсынады. Олардың ішінде Қазақтелеком, QazInnovations, Қазпошта, Кселл, Tele2, Қазақстан ғарыш сапары, Astana Hub және тағы басқа компаниялар бар. Шараны Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Халықаралық бағдарламалар орталығы ұйымдастырады.