Басты жаңалықтар

Түркиядағы қазақстандық құтқарушы: біздеде жүрек бар, ешкім жоқта жылап аламыз (видео)

Түркияда үйіндіні ашып жүріп көрген жағдайды баяндаға құтқарушы қазақстандықтарды жылатты

Қазақстандық құтқарушы "үйіндінің астында қаншама  өмірдің қиылғанын көргенде" жүрегіміз езілді дейді. Ол жұмыс уақытында эмоцияға берілуге болмайтынын, тек жағдай бойынша ең ұтымды жолды бірден таңдап әрекетке кірісу керектігін айтты, деп жазды KYN.KZ. Құтқарушы инстаграм арқылы видео жіберген. Ол жерде бүтін бір отбасының ауыр тастың астында қалай жатқаны, қалай шығарылғаны көрсетілген. "Әкесі баласына пана болып жауып қалған. Бала болса анасының киімін қолына қысқан күйде кетіпті. Бірін-бірі  қорғауы, махаббаттары шексіз. Бір өкініштісі, үшеуі де тірі болмай шықты. Сырттағылар ойлайтын шығар жүрегіміз қатты деп. Ешкім жоқ жерде жылап аламыз. Бізде де жүрек бар",-дейді құтқарушы.