Головкин чемпиондықтан "бас тартқаннан кейін Әлімханұлы мәлімдеме жасады
 Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы қазақстандық  боксшы Геннадий Головкиннің IBF белбеуінен бас тартқаны жайлы ақпараттан кейін мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
 «Орта салмақта бір белбеу босады делік. Маған ол керек. Жуырда барлық титулды жинап аламын!» — деп жазыпты Жәнібек Twitter желісінде.