Атырау тұрғыны: Тоқаев мырза, бізді бесіктегі баладан 90-дағы шалдарға дейін қырып кетуіңізді сұраймын
Қар астында қалған Атырау тұрғыны президентке жылап тұрып шағымын айтты, өлімге не үшін дайын екенін түсіндірді
Атырау тұрғыны 7-ші ақпан күнгі қаладағы қалың қар кесірінен қозғалысқа келген кедергі мен қолайсыздықтарды түсіре отырып президент Тоқаевқа жан айқайын жеткізуге тырысты,- деп жазды KYN.KZ сайты. Ер адам сөз соңында жылап алған. Өйткені ол қалаға уақытша келіп, халықпен санаспайтын әкімдерден шаршаған. Атыраулық әбден ызаланғаны сонша Тоқаевқа үш талап қойды. Алғашқы екі талабы орындалмаса бүкіл батыс халқын түгін қалдырмай қыруды сұраған.