Басты жаңалықтар

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко қайтыс болды

Қазақстанның бірінші премьер-министрі Сергей Терещенко 72 жасында қайтыс болды деп хабарлады KYN.KZ.

Сергей Терещенко РКФСР Приморск өлкесінің Лесозаводск қаласында дүниеге келген. Ұлты-украин. 1973 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 1987 жылы Алматы жоғары партия мектебін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты (1993). 1991 жылдың 16 қазанынан 16 желтоқсанына дейін — Қазақ КСР премьер-министрі, 16 желтоқсаннан бастап 1994 жылғы 14 қазанға дейін — Қазақстан Республикасының премьер-министрі болды.