Түрмедегі Талғат Ермегияевқа телефон мен алкоголь тұрақты түрде жеткізіліп отырған
Ол жазасын ерекше жағдайда өтеп жатыр
Кеше жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Алматы қаласының бас прокуроры Ғабит Мырзаевтың қызметінен кету себебін мәлім етті. Ол осыдан бес ай бұрын «ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, жемқорлығы үшін қамалған Талғат Ермегиявпен байланысты болған деп жазадыКТК-ға сілтеме жасаған KYN.KZ
Бір қызығы, 14 жылға сотталған Ермегияев түрмедегі жазасын өзгелерден ерекше өтей бастаған. Түрме қызметкерлері Талғат Ермегияевты тұрмыстық техника, жиһаз, телефон, тіпті, арнайы ол үшін жабдықталған бөлмеде алкогольмен қамтамасыз еткен.
Сондай-ақ ол жазасын өтеуі тиіс қатаң режимдегі түзету мекемесі қарапайым колонияға айналдырылған.
Прокурор Ермегияевке көмектесу арқылы заңды бұзғанына қарамастан, бұл қызметінен бас тартпаған.
Топ менеджерге көмектеспек болған өзге де шенеуніктер жұмысынан қуылды.