Басты жаңалықтар

Түркияда қырғыз қызы қазақстандық құтқарушыларды, еліміздің туын көріп ерекше құрмет көрсетті (видео)

Қырғыз қызы: Сіздерді сырттай көріп қуанғаннан көзіме жас келді. Не істерімді білмей осылай құрмет көрсетейін деп шештім.

Түркияға  барып халқын құтқаруға бар күшін салып жатқан Қазақстан  азаматтарына қырғыз қызы үлкен құрмет көрсетті. Ол Қазақстанның туын көріп бауырларым деп көзіне жас алған. Күннің суығында  ештеңеге қарамай жұмысқа кіріскен құтқарушыларға ыстық тамақ пісіріп барған, деп жазды  KYN.KZ тілшісі. "Алыстан Қазақстанның туын көріп қуанып кеттім. Көзіме жасалып не істерімді білмей қалдым. Тура бір жақын бауырымды ұзақ жыл көрмей кездескендей сезімде болдым. Менің алып ұшып жүгіріп барғаным жарамас деп бір ыстық ас бергім келді. Ойланып манты жоқ шығар деп, дереу заттарын алып соны пісірдім. Сіздердің барларыңызға шүкір. аман болыңыздар, Алла разы болсын. Алыңыздар, жеңіздер. Өз қолыммен таза ниетіммен әзірледім",-деп аптыққан қырғыз қызының эмоциясы  сол жердегі біраз адамның көңілін босатты. Эмоцияға толы қырғыз қызының видеосын осы жерден көріңіз